Кастинг

«Жамбыл. Жаңа дәуір» кинотуындысының балалар арасындағы кастинг

Кастинг нәтижесі

"Жамбыл. Жаңа дәуір" фильміне түсу үшін 35 бала іріктелініп алынды

Үш ай бойы фильмнің түсірілім тобы әр түрлі ұлт өкілдерінен пен әр түрлі келбеттегі  5 жастан 15 жасқа дарынды балаларды іздеді. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар мен ерекше білім беруді қажет ететін балалар да қатыса алды. Түсірілімге қатысу тәжірибесінің бар-жоғы маңызды болып саналмады. Кастинг балаларды кинематография саласына, актерлік шеберлікке баулу мақсатында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұсынысы бойынша жүзеге асырылды.

 «Біз балаларға  ауқымды кинода түсуі үшін, тәжірибе жинауы үшін кастинг жүргізуді бастадық. Онлайн және офлайн форматта 1200-ден астам балалар өтінім жіберді, сондай-ақ көшпелі кастинг кезінде балалар үйлері мен әлеуметтік орталықтардың балаларынан 359 өтінімді қабылдадық. Бұл балалардың көпшілігі үйде оқитын және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққандар. Олар үшін бұл керемет тәжірибе мен үлкен мүмкіндік. Біз бүгін екінші пландағы рөлдерге таңдалған 9 баланы және көпшілік сахнада ойнауға мүмкіндік алған 26 баланы марапаттаймыз. Олардың басым бөлігі – мүмкіндігі шектеулі балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар. Біз бұл балалардың кәсіби түсірілім тобымен: режиссермен, актерлермен гримерлермен және т.б. жұмыс істей алатынына қуаныштымыз. Бұл рөлдерде ойнау олардың қолына келеді деп ойлаймын. Ал ең таланттылары өз мансабын осы салада жалғастырады деген үміттемін, - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» жобалық басқару департаментінің бас менеджері Перизат Омарова.

Байқау үш кезең бойынша өткізілді. Кастингке қатысқысы келген үміткерлер 1 наурыздан 17 сәуірге дейін өткен бірінші кезеңде қатысушылар сауалнаманы толтырып, фотосуреттерді https://jambylfilm.kz/ru/casting сілтемесі арқылы онлайн-форматта қазірдің өзінде өтінім жібере алды. 

18 сәуір мен 18 мамыр аралығында өткен екінші тур аясында ұйымдастырушылар фильмнен  сахна ойнау үшін 120 баланы іріктеп алды. Бейнежазбалар қазылар алқасына ұсынылды.Қазыларп алқасының құрамында фильм режиссері Жандос Құсайынов, продюсерлер Еркебұлан Дудабаев пен Ерқанат Бекежан, фильмнің кастинг-директоры Диана Қыдыр және «Samruk-Kazyna Trust» өкілі Әсет Қылышбаев болды.

19-29 мамыр аралығында өткізілген кастингтің үшінші кезеңінде қазылар алқасы 35 баланы таңдап, олардың тоғызын екінші пландағы рөлдерде, ал тағы 26 бала көпшілік сахнада ойнауына мүмкіндік берді.

Жеңімпаздар тізімі

Екінші пландағы жас актерлер:

  • 1          Атагелды Тайлан
  • 2          Айнабекова Айнара
  • 3          Байменов Алихан
  • 4          Цой Валентина
  • 5          Хабылмажит Нұрай
  • 6          Тұнғышов Саян
  • 7          Нуркей Уалихан
  • 8          Арзлева Яна
  • 9          Толеубек Жания

Көпшілік сахналарда түсетін жас актерлер:

  • 10        Оглы Эвелина
  • 11        Белагаш  Богенбай
  • 12        Конакпай Багнура
  • 13        Хамзина Азиза
  • 14        Тимагин Алексей
  • 15        Тимагин Илья
  • 16        Мезенцов Богдан
  • 17        Валиуллина Мария
  • 18        Алексеева Ксения 
  • 19        Белагаш Айбек 
  • 20        Хижникова Валентина 
  • 21        Иминов Родион 
  • 22        Колесников Сергей 
  • 23        Ажибеков Рамазан
  • 24        Төкен Сабыр Қуатұлы
  • 25        Мұхтар Інжу
  • 26        Ғалымжанов Самир
  • 27        Нұртай  Абылай
  • 28        Арғын  Дарын
  • 29        Жанат Рамина
  • 30        Кенжебай Жасұлан
  • 31        Конуспаев  Амир
  • 32        Амангелды Іңкәр
  • 33        Нарыжный Любомир
  • 34        Ширин Максим
  • 35        Бейбитова Адина

Контактный телефон кастинг директора: 8 776 054 9989