«Жамбыл. Жаңа дәуір» фильміне 35 бала түседі

«Жамбыл. Жаңа дәуір» фильміне 35 бала түседі

Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен шығарылатын  «Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмінің республикалық балалар арасындағы кастингінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Үш ай бойы фильм авторлары кез-келген ұлттың және кез-келген типаждағы 5 жастан 15 жасқа дейінгі дарынды балаларды іздеді. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға да көңіл бөлінді.

«Біз балалардың осындай ауқымды кинода түсу тәжірибесіне ие болулары үшін кастинг жүргізуді қолға алдық. Нәтижесінде онлайн және офлайн форматта 1200-ден астам өтінім келіп түсті, оның ішінде 359  өтінімді көшпелі кастингтер барысында балалар үйлері мен әлеуметтік орталықтардың балалары толтырған. Бұл балалардың көпшілігі үйде оқиды және әлеуметтік орталарға аз шығады. Олар үшін бұл керемет тәжірибе мен мүмкіндік. Бүгін біз екінші пландағы рөлдерге бекітілген 9 баланы және көпшілік сахнаға қатысатын 26 баланы марапаттаймыз. Біз олардың кәсіби түсірілім тобымен, яғни режиссермен, актерлермен, қоюшылармен, гримерлермен және т.б. жұмыс істей алатынына қуаныштымыз. Менің ойымша, олар жетістікке жетеді, ал ең таланттылары өз мансабын осы салада жалғастыратын шығар», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» жобалық басқару департаментінің бас менеджері Перизат Омарова.  

 

Балаларға одан да ерекше әсер беру үшін оларды Алматыда марапаттауға шақырды.

«Бұл өте керемет! Мен әрқашан киноға түсуді армандайтынмын, бірақ бұл ойым тез іске асады деп ойламадым. Біз онлайн-кастингтен өттік, бейнежазба жібердік, онда әр түрлі сахналардың мәтінін оқыдым. Менің жазбам жақсы шықты, сондықтан бүгін осында отырмын деп ойлаймын. Енді түсірілімге жақсылап дайындаламын», - деді кастинг жеңімпазы Атагелді Тайлан, 12 жаста.

 

Байқау үш кезеңде өткізілді. 1 наурыздан 17 сәуірге дейін өткен бірінші кезеңде қатысушылар сауалнаманы толтырып, фотосуреттерді жіберуі керек болды. 18 сәуір мен 18 мамыр аралығында өткен екінші кезең аясында ұйымдастырушылар 120 баланы іріктеп алып, оларға фильмнен үзінді ойнауды ұсынған. Бейнежазбалар қазылар алқасының қарауына жіберілген, оның құрамында режиссер Жандос Құсайынов, продюсерлер Еркебұлан Дудабаев, Ерқанат Бекежан, кастинг-директор Диана Қыдыр және «Samruk-Kazyna Trust» өкілі Әсет Қылышбаев болды.

19-29 мамыр аралығында өткізілген кастингтің үшінші кезеңінде қазылар алқасы 35 баланы таңдауға мәжбүр болды, олардың тоғызы екінші пландағы рөлдерге, ал тағы 26 бала көпшілік сахналарға іріктеп алынды.  

«Жамбыл. Жаңа дәуір» картинасының сюжеті ақынның өмірінің соңғы тоғыз жылына шоғырланған, басты рөлді Қазақстанның халық әртісі Досжан Жанботаев сомдайды. Түсірілімнің бірінші кезеңі 2021 жылдың күзінде өтті. Қазір фильм авторлары екінші кезеңді бастауға дайындалып жатыр.

НОВОСТИ ПРОЕКТА

Информация по съёмкам, кастингу и прочее