О ФИЛЬМЕ

Художественный фильм «Жамбыл. Новая эра»

Жамбыл Жабаев тоқсанға келгенде Қазақстан өнерпаздарының екінші слетіне қатысып, ақындар арасында бас жүлде алады. Оның Сұраншы батыр жайлы дастанын Қалмақан Әбдіқадыров қолма-қол жазып алып, газетке басады. Осы оқиғадан соң, совет идеологиясын жасаушылар Жамбылдың абыройы мен танымалдығын пайдалануға кіріседі.

1936 жылғы мамыр айында Мәскеу қаласында өтетін Қазақстанның өнер және әдебиет декадасына Жамбылды бас ақын етіп жіберу туралы шұғыл шешім шығып, Жамбыл тұлғасымен толықтай айналысады. Оның көптеген өлеңдерін совет саясатына теліп бұрмалайды. Арнайы хатшылар бекітіледі, Жамбылдың күн режимі белгіленеді Алайда, Жамбыл бұған дейін де қазақ арасында зор абырой мен кең танымалдыққа ие болатын. Ол өзінің өлеңдерін бұрмалаушылармен келісімге келгісі жоқ еді. Бірақ совет билігі қолдағы бар тетіктерді пайдалана отырып, оның асау басын ноқтаға сыйдыруға тырысады. Мәскеуден Иосиф Гилман есімді маман келеді. Ол Ораз Жандосовты алға сала отырып, Жамбылға айтарлықтай ықпал жүргізе бастайды. Түрлі тақырыптарға шұғыл жыр жаздырып, едел-жедел орыс тіліне аудартып отырды. Көп жағдайда түпнұсқадағы мағына мен аударманың арасы алшақ жататын. Олар өздеріне қажетті терминдерді кеңінен қосып, бүкілодақтық газет-журналдарға басып шығара берді.

Жамбыл сол кезеңдегі қазақ интелегенциясының темірқазығы болды. Импровизация өнерінде, жыраулық пен шешендікте ешкімге дес бермеген Жамбыл ақын совет өкіметіне дейін-ақ танылып, мойындалған болатын. Ол үш кезеңді өткерді. Қоқан бектерінің құқайы, патшалық Ресейдің әмірі тұсында сыналып, советтік жүйенің озбыр саясатында әбден піскен терең тұлға еді. «Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмі ашатын тақырыптардың бір парасы осы.

Мен деректі фильм түсіріп жатпағанымды, сондай-ақ тек тарихи емес, көркем шындық құқығын өзіме қалдыратынымды атап өткім келеді

Жандос Құсайынов, сценарий авторы және режиссер
  • Қоюшы-режиссер: Жандос Құсайынов

  • Сценарий авторы: Жандос Құсайынов

  • Қоюшы-суретші: Мұрат Кәріпов

  • Қоюшы-оператор: Еркінбек Птірәлиев

  • Продюсерлер: Еркебұлан Дудабаев, Ерқанат Бекежан

  • Рөлдерде: Досжан Жанботаев, Алмас Шаяхметов, Анна Старченко, Ерік Жолжақсынов, Фархад Махмудов, Асан Мәжит, Қажымұкан Қалымбет, Филипп Волошин, Игорь Гузун, Нұркен Өтеуілов, Ержан Нұрымбет, Досхан Жолжақсынов, Владислав Букаткин

СОЗДАТЕЛИ

Художественного фильма «ЖАМБЫЛ. ЖАҢА ДӘУІР»

ЖАНДОС ҚҰСАЙЫНОВ
ЖАНДОС ҚҰСАЙЫНОВ

ЖАНДОС ҚҰСАЙЫНОВ
(қоюшы-режиссер, сценарий авторы) 1986 жылы 4 мамырда дүниеге келді. Жандос – көптеген фильмдерді көріп, оларды өзінің Youtube-арнасында, сондай-ақ Instagram-дағы жеке аккаунтында талдау жасайтын нағыз кино жанкүйері.

ЕРКІНБЕК ПТІРАЛИЕВ
ЕРКІНБЕК ПТІРАЛИЕВ

ЕРКІНБЕК ПТІРАЛИЕВ
(қоюшы-оператор) 1989 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келді. 2007 жылы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультетінің оператор мамандығы бойынша оқуға қабылданады.

МҰРАТ КӘРІПОВ
МҰРАТ КӘРІПОВ

МҰРАТ КӘРІПОВ
(қоюшы-суретші) 1978 жылы 30 сәуірде дүниеге келді. 1996 жылы республикалық көркемсурет колледжін, 2000 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірді

ЕРКЕБҰЛАН ДУДАБАЕВ
ЕРКЕБҰЛАН ДУДАБАЕВ

ЕРКЕБҰЛАН ДУДАБАЕВ
(бас продюсер) 23 шілде 1983 жылы дүниеге келген.Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Түлектер қауымдастығының негізін қалаушы және оның вице-президенті.

ЖАНДОС ҚҰСАЙЫНОВ
ЕРКІНБЕК ПТІРАЛИЕВ
МҰРАТ КӘРІПОВ
ЕРКЕБҰЛАН ДУДАБАЕВ

Скоро здесь появится трейлер

АКТЁРЫ

Звёздная команда Художественного фильма «ЖАМБЫЛ. ЖАҢА ДӘУІР»

ДОСЖАН ЖАНБОТАЕВ
ДОСЖАН ЖАНБОТАЕВ
Жамбыл Жабаев

ДОСЖАН ЖАНБОТАЕВ
1949 жылы 10 қаңтарда дүниеге келді. Театр және кино актеры. Театрда жұмыс істеген жылдары сахнада «Сталинге хат», «Нөсер жаңбыр», «Таңғы жаңғырық», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Абай жолы», «Гамлет» және т. б. спектакльдерде 50-ден астам рольді сомдады.

АЛМАС ШАЯХМЕТОВ
АЛМАС ШАЯХМЕТОВ
Қабдылман

АЛМАС ШАЯХМЕТОВ
1987 жылы дүниеге келді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі (2008).

АСАН МӘЖИТ
АСАН МӘЖИТ
Ораз Жандосов

АСАН МӘЖИТ
1985 жылы 11 ақпанда дүниеге келді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. 2009 жылы кино саласында алғаш рет «Обратная сторона» фильмінде композитор болды.

ФАРХАД МАХМУДОВ
ФАРХАД МАХМУДОВ
Левон Мирзоян

ФАРХАД МАХМУДОВ
1972 жылы 9 мамырда Ташкентте дүниеге келді. Мектепте оқып жүрген кезінен-ақ киноға түсе бастады. Оның алғашқы рөлі «Қасқырлар» (1987) қысқаметражды фильміндегі рөлі болды.

ИГОРЬ ГУЗУН
ИГОРЬ ГУЗУН
Иосиф Сталин

ИГОРЬ ГУЗУН
1960 жылы 30 мамырда дүниеге келді. Ол - актер, режиссер, қоюшы-суретші, продюсер, Ресей Актерлер Гильдиясының мүшесі, Ресей кинематографистер одағының мүшесі. Кишинев пединститутының көркемсурет-графика факультетін бітірген.

АННА СТАРЧЕНКО
АННА СТАРЧЕНКО
Мария Лизогуб

АННА СТАРЧЕНКО
1991 жылы 23 қаңтарда дүниеге келді. 2013 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің театр және кино актері мамандығы бойынша тәмамдады.

ФИЛИПП ВОЛОШИН
ФИЛИПП ВОЛОШИН
Гильман

ФИЛИПП ВОЛОШИН
1978 жылдың 10 желтоқсанында дүниеге келді. Театр және кино актері, теле және радио жүргізушісі, әнші. Жасөспірім кезінен бастап музыкамен айналысады. Мектепті бітіргеннен кейін Филип әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне оқуға түсті.

ДОСЖАН ЖАНБОТАЕВ
АЛМАС ШАЯХМЕТОВ
АСАН МӘЖИТ
ФАРХАД МАХМУДОВ
ИГОРЬ ГУЗУН
АННА СТАРЧЕНКО
ФИЛИПП ВОЛОШИН

НОВОСТИ ПРОЕКТА

Информация по съёмкам, кастингу и прочее